Жерге қазық қаққандай жүргенің,
Тәп тәтті балдай сөйлеп, күлгенің.
Сөз жетпес қылығың,
Қол жетпес сұлуым,
Сүйген жарым болшы бір менің.
Ақылдан адастырды сезімің мені,
Көрмесем сағынады жүрегім сені.
Махаббат шығар махаббат?!
Көңілім саған - адал, ақ. - оооу.
Аппақ гүлім деп еркелетем сені,
Айым-күнім деп еркем етем сені.
Көзімді жұмайын,
Қолыңды сұрайын,
Рұқсат берсең бақытты қылайын.