Қаншама жүрек махаббат,
Жылуын іздеп жанбаған.
Ғашықтық дертін арқалап,
Шыңына сезім самғаған.
Өмірде мынау қанша адам,
Сыңарын іздеп шаршаған.
Ақ құсым менің аңсаған,
Өзіңе арнап ән салам.
Жабырқау жаным әлі,
Ашылар бағым әлі.
Мен сені сәл көрмесем ,
Жаным-ау сағынам.
Беріліп ұлы сезімге,
Ұйқымда қашып безінген.
Өзіңе деген махаббат,
Жалындап тұр ғой көзімде.
Тулаған сезім тасқыны,
Таба алмай бұрар арнасын.
Ғашықтық дертім асқынып,
Әкетіп қайда барасың?!
Жабырқау жаным әлі,
Ашылар бағым әлі.
Мен сені сәл көрмесем ,
Жаным-ау сағынам.