Күн батып
Саған деген сезімім алып ұшты
Ол бұрын жанып өшті
Мүмкін өзгеріп
Жүрген шығармын сағынып мен сені
Алғашқы … дегенім
Кездесу кешке дедім
Ағаңнан мен тығылып
Өзіңе гүлмен келдім
Дәл бұлай сүймегенмін
Сендей жан көрмегенмін
Дедің де үндемедің
Ару...
Жүре бер алыста
Мейлі бол Марста
Сені сағыну үшін
Кедергі емес маған ғарышта
Сонша алыс па?
Ауылың алыс па?
Сен айтшы маған
Ата-анаң менімен сырттай таныс па?
Сендей жанды ешқай жерден таппадым
Қырсықсаң да айтқанымнан қайтпадым
Саған деген сезімімді сатпадым
Қасында мен боламын әрдайым
Саған арнап ән жазамын күн сайын
Ақ көйлекті киюге сен бол дайын