Бағыттан тайдырма,
Мені сен тайдырма.
Мен
Қалайша сенбегем?!
Сонау
Сонау кездерде
Бәлкім, сол кезде сен мені оятпасаң,
Болар ем басқа.
Жолсыз жолаушы адасқан
Шегінен асқан,
Өтірікті теңеп расқа
Сенгіш сенің ақының
Көзім жеткелі
Сенен басқа жоқ жақыным.
Ақырын-ақырын
Жүріп келдік, шабытым, қанша шақырым.
Сезінгендеймін,
Байқасаң мен де кейде өзіңдеймін
Жылдар өтті талай есте бәрі,
Өмір дегенің жаным солай.
Мен мақтаншақ емеспін, бірақ сенімен мақтанам.
Менің көңілім ашық, бірақ саған деген сезімді өзімде сақтағам.
Еске сақтау қабілетім нашар, бірақ сенің мінезіңді жаттағам.
Сағыну, уайымдау осының бәрін сен үшін атқарам.
Сенің тамырыңнан жақын болам жаныңда,
Қанша сүрінсек те, жаным, мүлдем бағынба, бағынба.
Сезінгендеймін,
Байқасаң мен де кейде өзіңдеймін
Жылдар өтті талай есте бәрі,
Өмір дегенің жаным солай.