Қате қадамнан қашқанмын
Ашық болсын деп аспаным
Алаңдатады болашағым
Көргім келмейді жастарын
Жаныма жақын жандардың
Өміріне қызығып қарамайм басқаның
#Party1
Таң атып - күн батуда
Болама уақытқа үн қатуға
Іштегінің бәрін тыңдатуға
Тыңдатып бір сәт тоқтатуға
Болмайды , жоқ ондай құдырет
Қолдағы барыңа, наныңа шұкір ет
Аз ғана әрекет ,
Әкеледі берекет
Табысты болсаң күнде мереке
Бақыт деген дүние емес жетелейтін
Жаныңда адамың болғаны саған еркелейтін
Бауырың болса сыйластықты кетірмейтін
Жүрегің иманда ,жаныңды тәніңді емдейтін
Үйде шығып жатқаны күлкілісі сәбидің
Бақыты сол емес пе ? Шынайы әр үйдің
#Party2
Бас қатып
Үйдің ішін қақсатып
Адамбыз алдында
Жоқ әлі мақсаты
Кеше бәрін қойдым деп
Уәде беріп тастадық
Бірақ әлі қоймадық
Әдетті қарғыс атқыр
Қызарған көздер
Ақ қара сөздер
Шаршадым өзіме
Күніге сөз беріп
Ол да дит маған
Өзіңді өзгерт
Ес жинайтын келді кез
Ойлану керек тез тез
Жетісіп жүрген ешкім жоқ
Нәпсі өзіңмен ертпеш мені