Даланың гүлдері шешек жарған,
Өзіңді аңсатып барады.
Көктемдей жайнайды асыл арман,
Дел-сал ғып самалдың шарабы.
Қайырмасы:
Өмірдің сәні не сен болмасаң,
Әнім боп шырқайсың сен қашан?
Әлде сен жырмысың,еркелеп жүрмісің,
Сырмысың жүректі шарпыған?
Аяулым, қыз болып сен тумасаң,
Алтын таң ағарып атпастай.
Аяулым, күлімдеп сен тұрмасаң,
Аққу да сыңарын таппастай.
Қайырмасы:
Каздар да барады қосақтанып,
Карлығаш қуалап сыңарын.
Билейді гүлдер де шашақтанып,
Кайдасын сен, менің шынарым?