Жақын іздеп жат көрінген шаһардан.
Бір жақсылық күткен ұлы сапардан.
Әкесі бар қыздың бәрі әдемі,
Әкесі жоқ қыздың бәрі қаһарман.
Тағдыр шығар төбесіне бұлт үйген,
Жұбатайын Салтанаттай бір күймен.
Алақанға жылу іздеп қонатын,
Балапанға ұқсатамын үрпиген.
Адамдардың жүрегінде мұз бар ма?
Адамдардың көңілінде сыз бар ма?
Қызғалдақ гүл солып қалған суықта,
Қызғалдақ қыз тоңып қалған ызғарға.
Жалғыздықта мұңаяды әке деп,
Жапырақта сарғаяды күз барда
Иіскеңізші маңдайынан ит тірлік,
Тиіспеңізші әкесі жоқ қыздарға.
Қалай қойған менің адам атымды.
Жүрек көзі жанартаудай атылды.
Әкесі бар қыздың бәрі әдемі,
Әкесі жоқ қыздың бәрі ақылды.
Қандай адам табатыны белгісіз,
Қандай адам болатыны белгісіз,
Тәңір оны сынақ беріп жылатқан,
Алдамаңыз, жылатпаңыз енді сіз