ESKO - Shukir
Шүберектерге алданды қанша көздер,
Адамға қымбаттау жан емес тән мен тері.
Әдемі емес деп, әркімде таңдау бөлек,
Бөлінген пенделер секілді аспан мен жер.
Сендер ақ киіңдер Louis Vuitton,
Маған жетеді қара капюшон.
Қызықтырмайды дым Gucci & Prada,
Жанымда достарым көше ұлдары.
Мен қарапайыммын жүрегіммен,
Адалмын әрдайым сүйгеніме.
Шүкір етемін мен өміріме,
Жаратқан жанымның иесіне.
Қалтадан мал шыққанша,
Жүре беретіндер жоқ.
Қасымда жан шыққанша
Досым…
Шет елге асып тасып,
Кетпесекте біл.
Біздің үй біз үшін
London…
Әркімнің салты бөлек,
Біреуге қымбаттау төрт дөңгелек.
Біреуге алтын мен қағаз керек,
Біреуге махаббат біреуге кек.
Ал маған жан анам аман жүрсе,
Мен үшін әкем мақтанып күлсе.
Жете алмағандар бар осы күнге,
Жоғалған уақыттар қайтып келсе.
Жоғалған уақыттар қайтып келсе…
Жоғалған уақыттар қайтып келсе…
Сендер ақ киіңдер Louis Vuitton,
Маған жетеді қара капюшон.
Қызықтырмайды дым Gucci & Prada,
Жанымда достарым көше ұлдары.
Мен қарапайыммын жүрегіммен,
Адалмын әрдайым сүйгеніме,
Шүкір етемін мен өміріме,
Жаратқан жанымның иесіне.
Иесіне, иесіне, иесіне…
Жаратқан жанымның иесіне.
Иесіне, иесіне, иесіне…
Жаратқан жанымның иесіне.