1. Мен сенің көздеріңе қараймын ақ таңдай
Жүзіңде таңның жарық арайы атқандай
Сендегі бар әлемді балалық шақтардай сүйем!
Сен келіп үмітім бір сәуле жаққандай
Өзіңмен сезім жанып шын бақыт тапқандай
Сол үшін жүрегіммен өткеніңді ақтармай
Сүйем!
Қ/сы:
Жәй ғана, жәй ғана, жәй ғана
Мінезіңмен сен мені баурадың-ай
Мен сені, мен сені, мен сені
Сүйіп өтем, жүрекпен сүйгенім-ай
2. Құшағың гүлдер толы құлпырған бақтардай,
Мінезің сенің жұмсақ ақ ұлпа аққардай
Гүлдерін қарайлаған бақтағы бағбандай
сүйем!
Қараңғы бөлмеде бір сәуле жаққандай
Алысты жақындатып жанымнан тапқандай
Бір сүйсем жүрегіммен сүйемін ойланбай Сүйем !
Бридж
Сен маған сүйкімді, сүйкімді
Қылығыңмен еркелеп күлгенің-ай
Сен менің әдемі, әдемі
Тым ерекше жүрекпен сүйгенім-ай